9 Маусым 17:11

Нұрлыбек Жеңісбектің «Елтұтқа» атты кітабы жарық көрді

Фото:

Нұрлыбек Жеңісбектің мемлекеттік қызметтің қыр-сыры баяндалған «Елтұтқа» атты кітабы жарық көрді. Бұл – мемлекеттік қызмет туралы шынайы, оқырманды қарама-қайшы пікірталасқа шақыратын, парадоксалды кітап.

Алматы, NEGE. Себебі автор мемлекеттік қызметтегі «Даннинг-Крюгер әсерін» өте шеберлікпен жұқалап жеткізген. Әдетте табысты болу, баю, жетістікке жету, тіпті таңертең қалай ерте тұру немесе қалай ұйықтау керек тақырыбында жазылған кітаптарды оқып жүрген боларсыз. Бірақ, мемлекеттік басқару жүйесінің жай-күйі мен мемлекеттік қызметкердің кескін-келбетін, кәсіби дағдысы мен шеберлігін, тұрмыстық және әлеуметтік һәм психологиялық жағдайын баяндайтын басылым әлі қазақ тілінде жарық көрген жоқ. Сондықтан осы кітапта автор аталған мәселелердің оң-солын жүйелі әрі рет-ретімен түсіндіріп, елге шынайы қызмет етудің қыр-сырын тәпсірлейді. Билік пен халықтың қарым-қатынасы, қоғамдағы өзгерістер туралы ой-толғаулары мен мемлекеттік қызметтегі жеке тәжірибесі жалпы қалың оқырманға қызық болары сөзсіз.

Бізде мемлекетке, елге қалай қызмет атқаруға мотивация беретіндей кітаптар жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаздым. Осы кітап арқылы мемлекеттік қызметкерлер – қасаң қағиданы ұстанып қатып қалған адамдар емес, қоғамға қызмет жасай алатын маман екенін көрсеткім келді, – дейді автор.

Тегтер: