Мен сіздерді сағындым: Димаш Құдайберген жаңалығымен бөлісті

30 сәуір, 11:12
Мен сіздерді сағындым: Димаш Құдайберген жаңалығымен бөлісті
Фото: Инстаграм парақшасынан

Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. Ол өзінің  "Be with me" деп аталатын жаңа бейнебаянымен таныстырды. Бейнебаян қалың көпшілікке 30 сәуір кешкі уақытта көрсетілетін болады.  

"Сәлем, Dears. Сіздер үшін осы бір бейнені түсірейін деп шештім, себебі керемет жаңалығым бар. Ертең менің ресми YouTube каналымда "Be with me" әніне арналған жаңа музыкалық бейнебаянымның тұсаукесері болады. Сіздерге ұнайды деп сенемін. Ертең жолыққанша! Сіздерді қатты сағындым, жақсы көремін. Беттеріңізден қайта-қайта сүйдім! Кездескенше", - деп жазды инстаграм парақшасында.