18 Қыркүйек 17:35

Мемлекеттік академиялық филармония мен Бәйтерек монументі сарғыш сәулемен жарықтандырылды

Фото:

Нұр-Сұлтанның символы «Бәйтерек» монументі мен Мемлекеттік академиялық филармония ғимараты сарғыш сәулемен жарықтандырылды. Осылайша, Қазақстанның астанасы Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күнін атап өтіп, дәрігерлерге алғыс білдірді, деп жазады, қала әкімдігінің ресми  сайты.

«Өткен жылдан бастап 17 қыркүйек бүкіл әлемде дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күні ретінде атап өтіледі. Мақсаты - пациенттердің қауіпсіздігі туралы хабардарлықты арттыру және бүкіл кәсіби қоғамдастықтың бірлігін нығайту. Пандемия жағдайында мұндай бастамалардың маңызы зор. Қалалық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасы медицина ұйымдарының қабырғасында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Дүниежүзілік атаулы күннің осылай мерекеленуі қуантады. Бұл да медицина қызметкерлеріне деген құрмет пен ризашылықтың белгісі», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева.

Айта кету керек, елорда тұрғындары мен қонақтары сағат 20: 00-ден кейін бірнеше сағат бойы монумент пен филармониядағы қызғылт сары жарықтандыруды тамашалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы өзінің 72-ші сессиясында, 2019 жылдың 25 мамырында, WHA72.6 пациенттердің қауіпсіздігі үшін жаһандық іс-қимыл қарарын қабылдады және 17 қыркүйек күні пациенттердің қауіпсіздігін денсаулық сақтаудың басты басымдығы ретінде тани отырып, бүкіләлемдік пациенттер қауіпсіздігі күні деп жариялады.

Тегтер: