Қазақстандық фильм Қазан кинофестивалінде үздік атанды

11 қыркүйек, 14:05
Қазақстандық фильм Қазан кинофестивалінде үздік атанды
Фото:

Режиссер Фархат Шәріповтың "18 килогерц" фильмі XVIi Қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды. Картина толықметражды ойын фильмі атанды.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, картина операторлық жұмысы үшін марапатқа ие болды (Александр Плотников).

Еске салайық, "18 килогерц" фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавадағы Халықаралық кинофестивальде өткен болатын, онда картина сенсациялық түрде гран-при жеңіп алды. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды.

"18 килогерц" фильмі - 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалатын көше тарихы. Фильмдегі басты рольдерді дебютант актерлер сомдаған: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Кинокартина 2020 жылдың қазанында сенсациялық түрде 36-шы Варшава Халықаралық кинофестивалінің гран-приін жеңген болатын.

Одан бөлек, "18 килогерц" фильмі Азиядағы ең ірі кинофестивальде - Пусан халықаралық кинофестивалінің "Азия киносына терезе" атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.