USD
USD
USD

Қайрат Әділгерей: «Аяғың ақсақ деп театрлар алмады»

Отандық танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей жол апатына түсіп, алған жарақаты салдарынан өнер жолында көптеген қиындықтарға тап болғанын айтты. Бұл туралы "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында сұхбат берді.

Қайрат Әділгерей: «Аяғың ақсақ деп театрлар алмады»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Аяғын сылтып басатын өнерпазды театрлар алмай, кастингтерден өткізбеген. Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып жүріп, студент кезінде жол апатына түсіп, ота жасатқан актер бұл жайттың алдағы өмірінде кедергі келтірерін білмеген. Бір аяғы бір аяғынан қысқа, сылтып басатын өнер иесін осы кемістігі үшін драма театр қабырғасына да алмаған, көптеген кастингтерден де тауы шағылып қайтқан. Қайрат Әділгерей басынан өткен бұл жағдай туралы "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында ақтарыла айтып берген.

«Академияда жүргенде дайындақ залында нота дәптерлер тұратын. Бәрі пайдаланады. Бір күні соның ішінен 200 доллар тауып алдым. Студент кезім. Ақшаны алып алдым. Еркебұлан деген досыма айттым. Бірге тұратын едік. Солай пәтерімізді ауыстырдық. Керек-жарағымызды алдық. Бір апта өткенде жол апатына түстім. Аяғымды кесті. Күйзелісте болдым. Кейін ойланып жатып, сол ақшаның иесінің көз жасы емес пе екен деп ойладым. Ақшаға мұқтаж адамның ақысын жедім бе деп әлі күнге дейін ойланам. Аяғымның кемістігі үшін театрлар алмады. Кино кастингтерден өтсем де, аяғым ақсақ болғаны үшін шақырмады. Сондай кедергілер болды. Өз орнымды дубляждан таптым ба деп ойлаймын. Дубляжда ақсақ болсаң да, басқа болсаң да бәрібір. Даусың жақсы болса, шеберлігің болса болды», - деді актер.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу