19 Қаңтар 14:29

Grammy 2022 рәсімі қашан өтеді?

Фото:

Grammy 2022 музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі 3 сәуірде Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena-да өтеді.

Алматы, NEGE. Оңтүстік африкалық әзілкеш әрі актер Тревор Ноа іс-шараға жүргізуші ретінде қатысатыны айтылды. Grammy апталығының басқа ресми іс-шараларының, оның ішінде премьераның, "Жыл адамы" сыйлығының күндері мен орындары туралы қосымша мәліметтер жақын арада жарияланатыны белгілі болды.

"Grammy-ді Лас-Вегасқа алғаш рет әкеліп, әлемдік деңгейде шоу өткізетінімізге қуаныштымыз. Шоудың уақыты шегерілетіні жариялаған сәттен бастап, бізге қолдау көрсеткен хабарламалар келді", - деді Харви Мейсон, кіші Дыбыс жазу академиясының бас директоры.

Тегтер: