18 Ақпан 18:30
...

«Форсаж» картинасының 9-шы бөлімі үлкен экранға оралады

Фото:

Әйгілі «Форсаж» картинасының жұлдыздары көрермендерімен қайта қауышады. «Universal Pictures»-тың аты аңызға айналған франшизасы осымен тоғызыншы бөлімін жарыққа шығармақ.

Алматы, NEGE. 6 миллиард АҚШ долларға кенелген «The Fast and the Furious» голливуд киноиндустриясында ең табысты фильмдер тізімінде. Картинаның кезекті бөлімнің құрметіне, Вин Дизель бастаған актерлер құрамы америкалық басылымның біріне сұхбат беріп, түсірілім алаңынан эксклюзивті кадрлар ұсынды.

Вин Дизель, актер: Фильм жарыс туралы болғанымен, отбасылық құндылықтарды көрсетеді. Лента кез келген ұлттың бір жанұя бола алатыны жайлы. Біз ешқандай қарсылыққа, заңға, дәстүрге қарамастан түрлі жандардың өмірін тоғыстыра алдық.

Шытырман оқиғаға толы туындының тоғызыншы бөліміне 500 миллион ақш доллар жұмсалған. Жоба авторлары бұл жолы, бұрыңғы кейіпкерлерді киноға қайта шақыруды жөн көрген.

Джордана Брюстер, актриса: Талай жылдан кейін қайта келемін деп ойламадым. Бірақ, шақырту түссе, неліктен картинаны қолдап, төбе көрсетпеске? Одан бөлек, өзімнің кейіпкерімді қатты сағынып қалыппын.

Су жаңа картинада жаңа кейіпкерлер де жоқ емес. Мәселен, дарынды актер Джон Синаға фильмде басты рөлдің бірі бұйырды. Доминик Тореттоның сүйіктісінің рөлін сомдайтын Мишель Родригес лентаның түсіріліміне ұзақ дайындалған.

Мишель Родригес, актриса: Мен образға ену үшін Лас-Вегасқа тек көлікпен қатынадым. Негізі, машина айдау - менің сүйікті ісім деп айтсам да болады. Қауіпті екенін де білемін, бірақ жан дүниең қалап тұрса сен онымен ештеңе істей алмайсың. Тек газды басу қажет.

«Форсаж 9» кезекті бөлімінің режиссерлық тізігіні Джастин Лиге бұйырған. Еске салсақ, киногер осымен 5-ші мәрте жоба жетекшісі атанып отыр. Отандық көрермен «Форсаж 9» кейіпкерлерінің кезекті хикаясын мамыр айының 21-нен бастап үлкен экраннан тамашалай алады.

 

Тегтер: