USD
USD
USD

«COVID-19. Қайта ретке келтіру»: Жаңа деректі фильм түсірілді

Қазақстан Президентінің Телерадиокешені «COVID-19. Қайта ретке келтіру» деп аталатын деректі фильм түсірді.

«COVID-19. Қайта ретке келтіру»: Жаңа деректі фильм түсірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылы коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді, оның ішінде Қазақстанды да шарпыды. Елімізде індеттің шарықтау шегі жаз айларына тура келіп, медицина қызметкерлері стационарларға ағылған науқастар нөпіріні төтеп бере алмай қалды. Дәрі-дәрмек те жетіспей, көптеген адам өмірімен қош айтысты. Яғни, Қазақстан індеттің бұлай өршуіне дайын болмай шықты. Осыған орай Қазақстан Президентінің Телерадиокешені түсірген «COVID-19. Қайта ретке келтіру» деп аталатын деректі фильм еліміздің медицина саласының қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының ықтимал кезекті толқынына дайындығы жайында баяндайды», – делінген ақпаратта.

Фильмде соңғы бірнеше айдың ішінде еліміз солтүстігіндегі үш облыста жаңадан модульдік инфекциялық аурухана салынғанын мысалға ала отырып, қосымша стационарлардың, қажетті медициналық құралдардың жабдықталғаны туралы айтылады.

Сонымен қатар деректі фильмде отандық денсаулық сақтау саласы қайта ретке келтіріліп, азаматтардың сана-сезімі мен жауапкершілігі жоғарылағандығы, мемлекет тарапынан пандемиямен күресте қауіпсіздік шаралары дер уақытында қабылданғаны сөз болады.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.