29 Желтоқсан 12:56

Батырхан Шүкенов атындағы мемориал ашылады

Фото:

Елордада танымал музыкант, композитор және әнші Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық кеңістік ашылады. 

Алматы, NEGE.  Президент саябағындағы бақылау алаңында шығармашылық кештер, воркауттар мен көрмелерге арналған кеңістік түріндегі мемориал пайда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ресми сайты Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкенке сілтеме жасап хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жазда Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатуға арналған идеялар байқауы жарияланған болатын. Көптеген нұсқалар қарастырылды. Кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, қалалық урбанистика орталығының Батырхан Шүкенов қорымен бірлескен жұмысының нәтижесінде саябақ аймағында шығармашылық кеңістік түрінде мемориал жасау туралы шешім қабылданды. Жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.

«Авторлардың ойынша, бұл - Ольга Веселова, Ладо Ломиташвили, Әсел Есжанова, егер павильонды жоғарыдан қарайтын болсақ, барлығының сүйікті орындаушысының атын көруге болады. Тақырыптық алаңда серуендеп, шығармашылыққа бір табан жақындауға болады», - деп түсіндірді Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Аталған алаңда павильондар салу жоспарлануда, онда ғылыми-танымал дәрістер өткізіледі, паблик-арт бойынша жазғы мектеп, концерттер, театр қойылымдары, көркем перформанстар мен қойылымдар жұмыс істейді. Батырхан Шүкенов атындағы мемориалды 2022 жылы ашу жоспарланып отыр. Халықтың сүйікті әншісі 2022 жылдың 18 мамырында 60 жасқа толар еді. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша соңғы жылдары 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды.

Тегтер: