14 Маусым 18:31

Атақты хореограф қайтыс болды

Фото:

Кеңес және украин бишісі, хореограф, үш халықаралық байқаудың лауреаты, Украинаның халық әртісі Григорий Чапкис қайтыс болды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында жазды.

Алматы, NEGE. «Григорий Николаевич Чапкис өмірден өтті. Танымал биші, тұлға. Мінезіді, энергиясы күшті, өмір сүруге деген ұмтылысы және "паркеттегі қозғалысымен" ерекшеленетін еді. Оның мектебін, украин биінің тарихына қосқан үлесін ешқашан ұмытпаймын. (...) Үлгі алуға тұратын адам. Би - жұмысы емес, өмірі болған адам», – деп жазды Зеленский.

Григорий Чапкис 1930 жылы 24 ақпанда Кишиневте дүниеге келген.

Соғыс аяқталғаннан кейін Чапкис теміржол мектебіне және «Еңбек резервтері» қоғамының ән-би ансамбліне оқуға түскен. Ол 1945 жылы 15 жасында КСРО-ның саяси элитасы алдында Кремльде өнер көрсетті. Чапкис сұқбаттарының бірінде Сталин тізесіне отырғызып, сағат сыйлағанын да айтқан.

Тегтер: