USD
USD
USD

Алматыға Райнер Махламяки келді

Алматыға қазіргі замандағы беделді еуропалық сәулетші Райнер Махламяки келді, деп хабарлайды NEGE.KZ тілшісі. Профессор Қазақстандық қалалардың болашақ келбетінің авторларына архитектураның мәні жайлы дәріс оқыды. 

Алматыға Райнер Махламяки келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Urban Forum Kazakhstan қорының және Tikkurila компаниясының «Қалалар мен адамдар» білім беру бағдарламасы аясында шақырылған Райнер Махламяки заманауи архитектура және урбанистика туралы кәсіби қауымдастықтың білімін кеңейтуді көздеп отыр. Сәулетші дәрісінің негізі соңғы 100 жылдағы фин сәулетшілік өнерінің тарихы болды.

Фин сәулет мектебінің тәжірибесі объектілерді жобалауда өзінің гуманистік тәсілімен қызықты. Фин концепциясы бойынша құрылатын білім беру мекемелері оқуға ынталандырады, монументалды ғимараттар рухтандырады, ал тұрғын үйлер әлеммен үйлесімде өмір сүруге көмектеседі.

«Архитектуралық шешім ешбір жағдайда орта дизайнынан басым болмауы тиіс. Әлемді қайта құру идеясына қол жеткізу емес, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Өйткені, архитектурадағы ең бастысы – қабырғалар немесе жабындар емес, кеңістік пен атмосфера», – дейді Райнер Махламяки.

Махламяки мырзаның пікірінше, қазіргі заманғы архитектураның дамуы үш өзара байланысқан трендтерге — сыртқы әсерлерге тұрақтылыққа, қала белсенділері мен тұрғындарын қалалардың келбетін жобалауға тартуға, сондай-ақ жергілікті мәнмәтінге назар аударуға бейім.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші