23 Желтоқсан 12:48

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал

Фото:

Әр халық жаңа жыл мен арайлап атқан әрбір таңнан бақыт, шаттық, байлық күтетіні жасырын емес. Жаңалық атаулыдан жақсылық күтетін сол дәстүрмен назарларыңызға келер жылға арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз

Тоқты (21 наурыз - 20 сәуір)

Тышқан жылы энергиясы мен күшін дұрыс бағытқа жұмсай білетін Тоқтыларды жетістікке жетелейді. Ал пайдаланылмаған потенциалдың кері әсері болып, отбасыға, жеке өмірге зияны тиюі мүмкін. Алғашқы жарты жылдық - сәтті кезең. Үлкен жоспарларды осы уақытта бастаған жөн. Астрология идеяларыңызды кейінге шегеруге болмайтынын ескертеді. Ал екінші жарты жылдық тіл табысуда қиындықтар тудыратындықтан, жұмыста сақ болып, жаңа таныстықтар мен даулардан аулақ жүріңіз.

Отбасы мен махаббат

Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас жылылық пен түсіністікке толы болу үшін жұлдыздар Тоқтыларға өзін-өзі ұстап, негативті эмоциясын сыртқа шығара бермеуді тапсырады. Ал жұбайлар арасында кикілжіңге көп әкелетін бірізділікті өмір болмақ. Еркіндіктің жетіспеуінен жанжалдар туындауы ықтимал. Сол себепті, барлық ішкі сезімдеріңізді, жан дүниеңіздегі жайттарды жасырмай ортаға салып отыру керек. 2020 жылы жалғызбасты Тоқтылар өмірлік серігін жолықтырады. Шаңырақ көтеріп, отбасылы болады.

Мансап пен қаражат

Бұл жыл Тоқтылар мансабында жаңа жетістіктерге толы болады. Кәсіби потенциалын кеңінен көрсетіп, жоспарларын жүзеге асыруға таптырмас жыл. Әлеуметтік статусты бекітіп, материалдық жағдайды жақсартуға жол ашылады. Алғашқы алты ай кәсіп бастап, жұмыс ауыстыруға ыңғайлы уақыт. Бұл кезеңде астрология мансаптың өсуіне барынша күш салу жемісті болатынын айтады. Жаздың орта беліне дейін іске асқан жобалар толағай табыс әкелмек. Ал екінші жарты жылдықта жаңа іс бастауға қадам жасамай-ақ қойыңыз. Тек қазан айы сәтті болуы мүмкін. Айтпақшы, бәсекелестікке төтеп беруді естен шығармаңыз. Басшылықпен де қыңыр мінезіңізден таяқ жеп жүрмеңіз. Қаржыңызды күдік тудыратын компаниялар мен жобаларға салмаңыз.

Денсаулық

Денсаулық тұрғысынан Тоқтылар үшін тұрақты жыл болады. Созылмалы дерті бар жандар профилактикалық ем-домға назар аударсын.

Торпақ  (21 сәуір – 20 мамыр)

2020 жыл Торпақтар үшін бір сыдырғы өтпек. Тыныштығымен есте қалатын алғашқы жарты жылдықта жаңа жобалар бастауға ыңғайлы сәт туындайды. Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі де оң шешімін таппақ. Қоныс аудару, жылжымайтын мүлік сатып алу, құрылыс жұмыстары мен интерьерді жаңартуға тамаша жыл. Ал екінші жарты жылдықта жеке өмірде жаңалықтар болып, жұмыста жетістіктер күтіп тұр. 

Отбасы мен махаббат

Махаббат мәселесінде де Торпақтарды тұрақтылық күтуде. Оларды романтика мен жылы сезім қоршайтын болады. Астрология жеке өмірде тосын жағымсыз жайттар орын алмайтынына кепілдік береді. «Жалғызбасты жандар өз жартысын тауып, отау құрады»,- дейді астрологиялық жұлдыз жорамал. Жүрегіңнің жартысын екінші жартыжылдықта іздеу - дұрыс шешім болмақ. Ал отбасылы жандардың шаңырағы тыныштық пен ізгілікке толады. Алайда, романтика мен жылылықты тепе-теңдікте ұстап тұру үшін жарыңызға көңіл аудару керектігін ұмытпаңыз. Ол сізден мейірім мен қамқорлық күтеді.

Мансап пен қаражат

Тышқан жылы Торпақтарға жұмыста табыс әкеледі. Әсіресе технология саласында еңбектенетіндер өз кәсібінің жемісін көрмек. Олардың идеялары мен жобалары тіпті ғылым саласында жаңалық болуы ғажап емес. Сол сияқты басшылардың көңілінен шығып, әріптестер арасында  беделді боласыз. Торпақтар белгілі бір командада қызмет етсе, жұмысы жақсы нәтижеге жетеді. Ал жаз мезгілінде жоғары жақ өкілдерімен абайлап тілдесу қажет. Себебі, қиыс сөздер кішігірім келіспеушілікке жеткізуі мүмкін. Квалификацияның өсуіне, жаңа профессияны меңгеруге, жұмыс орнын ауыстыруға таптырмас уақыт – желтоқсан. Желтоқсан ай табыс әкеледі.

Денсаулық

Жыл басында созылмалы жүрек-қан тамыр мен психикалық аурулары бар жандарда келеңсіздік болуы мүмкін. Жұлдыздар бұл уақытта денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізетін әрекеттерден аулақ болу керектігін ескертеді. Жүйке жүйеңізге салмақ салмауға, көңіл-күйіңізді тұрақты ұстауға тырысқаныңыз дұрыс. Ал жаз мезгілінің алғашқы екі айында ас қорыту жүйесі сыр беруі ықтимал. Тамақтануда аса сақтақ шараларын сақтаңыз. Рационыңызды пайдалы жеміс-жидектер мен көкөністерге байытыңыз. Майлы тағамдардан аулақ болыңыз. Ал күзде көптеген Торпақтар омыртқа ауруынан зардап шегеді. Оның жағдайын күнделікті жаттығу мен суда жүзу жеңілдететін болады.

Егіздер (21 мамыр – 21 маусым)

Егіздер үшін бұл жыл сүйінші жаңалықтарға толы болады. Көптеген өзгерістер болғанымен, олар тек жақсылыққа бастайды. Жұлдыздар өмірдің жаңа кезеңіне қадам басуға қорықпауға шақырады. Бұл белгідегілер қыңыр мінезден сақтану қажет. Егіздер өздерінің тез тіл тапқыштықтарының арқасында өз істерін дөңгелетіп, қызметте беделге ие болады.

Отбасы мен махаббат

2020 жылы жеке өмірдің жаңа парақтары ашылады. Алғашқы қадам жасаудан және романтикалық жақындықтан қорықпаңыз. Жалғызбасты жандар өмірлік серігін жолықтыруға мүмкіндік бар. Ол адам сіздің айналаңызда жүруі де мүмкін екенін естен шығармаңыз. Романтикалық іздеу салуға қараша мен желтоқсан айлары дәл келеді. Ал өз теңі бар жандар күдік пен қауесеттерге ермей, өз махаббатарына сенім білдіргендері абзал. Қарым-қатынасты бұзуға асықпай, ақ-қарасын айырып алыңыздар. Отбасылы Егіздер сүйген жарыңызға сезіміңізді жиі білдіріп тұрыңыз.

Мансап пен қаражат

Сөз басында айтқандай, егіздердің қызметтік саласында жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Қызметте өсіп, табысты боласыз. Одан бөлек, жоғары жалақысы бар қызмет табуыңыз мүмкін. Сол сияқты өзіңізді басқа профессияда сынап көруге жүрексінбеңіз. 2020 жыл экономикалық және қаржылық тұрғыдан пайдалы болады. Тышқан жылы жақсы кіріс әкеліп, пайда түсіруге таптырмас жыл. Өз кәсібіңізді ашуға болатынын ұмытпаңыз. Сонымен қатар, даулы сауалдар туындағанда өз жақындарыңыздың ақылына құлақ түрудің пайдасы болатынын ескертеміз. Әсіресе, үлкендер жағынан жақсы шешімдер туындайды.

Денсаулық

Жыл басында егіздер үшін денсаулық мәселесі туындамайды. Тіпті, созылмалы дерттерді ұмытуға да болады. Әрдайым салмақты қалпыңызды жоғалтпай, кез келген мәселені эмоциясыз шешуге тырысыңыз. Өз рационыңызға сақ болып, ащы және тәтті тағамдарды аз пайдаланыңыз.

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

2020 жыл Шаяндардың ісі өрге басады. Жаңа жетістіктерге толы жыл болмақ.  Табысқа жету үшін табандылық пен төзімділік керек. Ең бастысы, бақытты болашаққа сену қажет. Бұл жыл өзін-өзі дамытуға, талантыңызды көрсетуге жақсы мүмкіндіктер ашады. Ішкі потенциалыңыз бен қабілетіңізге ерекше мән беріңіз. Өзіңіздің дамуыңызға ықпал ететін адамдармен араласқаныңыз жөн.

Отбасы мен махаббат

Тышқан жылы екінші жартыңызды іздеуге және махаббатта тұрақталуға жақсы кезең. Алайда, бұл жылы отбасын құруды жоспарламаған дұрыс. Жылдың басы мен аяғы жалғызбасты Шаяндарға сәтті болмақ. Олар болашақ жарымен танысуға мүмкіндік алады. Ал отбасылы Шаяндар жұбайына көбірек көңіл бөліп, жылы сөздерін жиі арнап отырса игі. Ол араға түсетін сызаттан сақтап, неке беріктігіне кепілдік береді. Әйтпесе, құдай қосқан жарыңыз айналасына көз тігуі мүмкін.

Мансап пен қаражат

Ақ тышқан жылы жаңа мансаптық таныстықпен басталады. Кәсіпкерлерге оның пайдасы шаш етектен. Алайда, жұлдыздар кез келген таныстыққа сене беруден сақтанып, қызметтестердің жұмысына аса кіріптарлықпен қарауды ұсынады. Абайламасаңыз, алдау мен алаяқтық орын алуы мүмкін. Ал басшылары бар жұмыскер-Шаяндар жоғары жақ өкілдерімен келеңсіздік туындамау үшін дау-дамайдан алыс болып, барынша өз қызметіне адал қарағаны жақсы. Желтоқсан айы кәсіби қиындықтар әкелуі мүмкін, сол себепті жақын жандарыңыздан көмек сұраңыз. Ал қызмет ауыстырғысы келетіндер екінші жарты жылдықты күткендері абзал. 2020 жылдың басы қаржылық жағынан тұрақтылық әкеледі. Ал күз мезгілінде Шаяндар сатып алуға көп қаржы жұмсауы мүмкін. Қиындықтарға тап болмас үшін өзге кіріс көзіне назар аударыңыз.

Денсаулық

Тышқан жылында Шаяндар денсаулығы керемет болады. Созылмалы дерті бар жандарға мереке қарсаңында өз режимін бұзбауға кеңес береміз. Артық тамақтану мен эмоционалды күш салу дерттің асқынуына алып келуі әбден мүмкін. Ал қараша мен желтоқсан айында стресс пен ұйқысыздықтан сақтаныңыз. Болмашы нәрселерге ашулана берудің қажеті шамалы. Кешенді дәрумендер қабылдайтын кезең сол жылдың аяғы болмақ. Ол иммунитетті көтеріп, ағзаның күйзелістерге беріктігін күшейтеді.

Арыстан  (23 шілде – 23 тамыз)

2020 жылы Арыстандар үшін өзгерістерге  толы болады. Бірақ ол жайттардың барлығынан пайда күтудің қажеті шамалы. Қызмет саласында қырағылық пен аса сақтық танытқан дұрыс. Егер өсу болып жатса, керітартпалықтан сақтаныңыз. Өз кәсібіңізді  бастауға да таптырмас жыл. Сонымен қатар, отбасыңызды, жақын жандарыңызды ұмытпай, жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Егер басыңызға қиын іс түссе, сол жандар алғаш болып көмек қолын созбақ.

Отбасы мен махаббат

Махаббат аралы Арыстандар үшін келеңсіздік тудыруы ғажап емес. Себебі, өз сезімін билеп, жүрегіне жақын-ау деген адамдармен ортақ тіл табысу қиынға соқпақ. Оған күдік, шешім шығара  алмау, үрей сияқты сезімдер өз әсерін тигізбей қоймайды. Жүрегінің жартысы жоқ жандар өз қалауын кездестіруге мүмкіндік жоқтың қасы. Сүйікітісі барлар азын-аулақ кикілжіңге ренжісіп қалмай, барынша шыдамдылық танытқаны абзал. Ондай дау-дамай жыл соңына дейін жалғасып, желтоқсан айында қарым-қатынасқа тұрақтылық кіреді. Көптеген Арыстан отбасыларда дағдарыс орын алуы ықтимал. Осының зардабынан жанұялы жандар ажырасуға дейін барып жатады. Жыл соңында мұндай жайсыздықтардың бұлты сейіліп, отбасыларға береке кіреді.

Мансап пен қаражат

Тышқан жылы Арыстандардың қызметтік мансабын қызықтарға толтырмақ. Ақпаннан мамыр айына дейін істері оңғарып, биік белестерді бағындыру мүмкіншілігі жоғары. Өткен жұмыс кестесіндегі жайсыздықтарды шешуге әбден болады. Алайда жұлдыздар арыстандарға әріптестерімен ашық әңгімеге баруға кеңес бермейді. Себебі, оның арты ішінара ірткі салуға дейін жетуі ықтимал. Маусым айнының басы мен тамыз айында жұмысқа ерекше ден қою керек. Әр шешім шығарарда ситуацияны жіті бақылаудан өткізіңіз. Бұл кезеңдегі жіберілген қателіктің арты оңдырмайды. Қыркүйек кәсіпкерлерге керемет уақыт. Арыстандарда қаржылық мәселесі тұрақсыздық сипат алады. Астрология ақша жағына аса сақтықпен  қарауды ұсынады. Жаз уақытында шығындалудан сақтаныңыз. Ал күз мезгілінде кіріс көзі кеңіп, қазынаңыз молаюы мүмкін.

Денсаулық

Келер жылы Арыстандардың денсаулығы сыр бермейді. Ал жүрек-қан тамырында қиындықтары бар жандар күз айларында жағдайының біршама жақсарғанын байқайды. Жаз уақытында инфекциялы аурулар өршімес үшін сақ болыңыз. Яғни, жеке гигиеналық қағидаларды жіті бақылап, сырқаты барлардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Ақыл-ойға салмақ салынатындықтан, шаршау мен күйзеліс кезеңдері де өтуі мүмкін. Салауатты өмір салтын сақтау артықтық етпек емес.

Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек)

2020 жыл Бикештер үшін қолайлы өтеді. Жылдың басы жайсыздау басталғанымен, әрмен қарай позитивті тенденция болмақ. Екінші жартыжылдық жаныңызды нұрға бөлеп, жүрегіңізді жылылыққа толтыратын кез. Алайда, бұл жұлдыздағыларға өз күшіне сеніп, төзімділік танытып, ерік-жігерін сарп етуге тура келеді. Оңай жерде табыс пен кіріс жоғын естен шығармаған абзал. Әңгімелесу мен жеке қарым-қатынаста Бикештер тұрақтылыққа ие болады. Олар айналасындағылармен жақсы тіл табысып, өзіне қолайлы атмосфера қалыптастыра біледі. Бұл ішкі тыныштық пен гармонияға жетеулеші негізгі фактор.

Отбасы мен махаббат

Тышқан жылы Бикештердің жеке өмірде жолы болады. Олар көптен күткен махаббаттарын кезіктіріп, махаббат бесігінде тербеледі. Десе де, астрология мұндай кезде басыңызды жоғалтып алмай, жалынды сезімнің өртіне күймей, әрбір қадамыңызды аңдап басуға шақырады. Олай болмаған жағдайда, оқуыңызға не жұмысыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Жалғызбасты Бикештер өз теңін табуға жаз мезгілінің ортасы мен жылдың соңғы уақытын сәтті пайдаланса құба-құп. Сол сияқты келер жыл шаңырақ көтеруге жол ашатын сәтті жыл болмақ. Ал отбасылы жандарда көптеген келеңсіздіктер қаржылық мәселеден туындауы ғажап емес. Сабырлылық пен салқынқандылық қос серігіңіз болсын.

Мансап пен қаражат

2020 жылы Бикештердің қызмет бабында алаңдауға себеп туындауы мүмкін. Олардың жасап жатқан жұмысын басшылық бағаламай жатқандай сезімдер бар. Алайда, мұндай іріткі ойлардан сақтанып, қызметке шын кірісіп көріңіздер. Жұлдыздар мамыр және маусым айынды Бикештерді ұстамды болуға шақырады. Сондай-ақ, кәсіби ортада жылы қарым-қатынас орнатып, сенімділікті жоғалтпау керектігін ұмытпаңыз. Жыл басында Бикештер қаржылай кіріске көңілі толмаушылық байқалады. Алайда, шыдамдылық танытып, қажырлы еңбектене берсе, күз мезгілінде жақсы табысқа кенелуі мүмкін. Қазан айының басы мен қараша айында астрология Бикештердің шығындарына есеп беруін талап етеді. Көзсіз ақша жұмсау көп кедергілерге жеткізеді.

Денсаулық

Алғашқы екі айда Бикештер өмірлік тонусына көңілі толмай, әлсіздікке бой алдырады. Бұл уақытта тұмау мен суық тию секілді ауруларға жол беріп қоюыңыз мүмкін. Жұлдыздар көбірек демалып, салауатты өмір салтын сақтануға кеңес береді. Әрдайым иммунитет көтеру арқылы, қажыр-қайратыңызды жоғалтпай, маңызды шаруаларыңызды жасай аласыз. Жыл соңы асқазан-ішек жолдарында дерті бар жандарды  мазалауы мүмкін. Бикештерге экзотикалық асхананың тамақтары жақпауы мүмкін.

Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)

Таразылардың өмірінде жаңа мүмкіндіктер ашатын түрлі өзгерістер орын алмақ. Жұлдыздардың ізденіп, жақсылыққа ұмтылғандарға керемет марапаты бар. Жылдың екінші жартысы жаңа бастамалар, шығармашылық жетістіктер мен кәсіби ізденістерге толы болады. Тышқан жылында жұмысқа басымен кіріп кеткен Таразыларға отбасы, туған-туыстарды ұмытпау керектігін ескертеміз. Жақындармен болған жылы әңгімелер үй ішіне ырыс-береке кіргізіп, бақытқа жетелейді.

Отбасы мен махаббат

Таразыларды жаңа жылда күтпеген махаббат оқиғалары тосып тұр. Дегенмен, оған жету оңай болмақ емес, алдан кезігер қиындықтар мен кедергілерді артта тастағанда ғана шын бақыттың есігі ашылады. Жалғызбастылар сезімнің құшағына еніп, алғашқы алты айлықта ғашықтықтың ғаламатына бөленуі мүмкін. Бірақ, бұл сезім сәттілікке жеткізбей, көңіліңізге сызат түсіруі ғажап емес. Сол себепті, жүрегіңізді абайлап ұстаңыз. Ал отбасылы Таразылардың шаңырағында алауыздық орын алса, жұбыңыздың пікірімен санасып, өз эмоцияңызды берік ұстауды қолға алыңыз. Сол сияқты мәмілеге келіп, жақындарыңыздың сөзіне құлақ асып, балаларыңыздың талап-тілектеріне назар аударыңыз. Тышқан жылы Таразылардың жанұясына жылылық сыйлайды.

Мансап пен қаражат

2020 жылы Таразылардың жұмысында тұрақтылық болады. Жыл басында өте жауапты тапсырма келуі мүмкін. Оның қиындығына шыдап, табанды еңбектене білсеңіз, міндетті түрде абыройға кенелесіз. Өзіңіздің жемісті жұмысыңыздың арқасында басшылықтан жақсы сөздер еститін боласыз. Ал кейбір Таразылар мансабында өсу болады. Әрине, мұндай жетістікке даңдайсып, тоқмейілсініп кетпеңіз. Әрбір қадамыңызды аңдап басқанда ғана, өз ортаңыздағы беделіңізді сақтай аласыз. Әйтпесе, шалыс қимылыңыз, таяқ болып тиюі ғажап емес.

Күз мезгілі жаңа білім игеріп, квалификация жоғарлататын жақсы мүмкіндік тудырады. Тышқан жылы қаржылық жағынан тұрақты өтеді. Көктемде жалақыңыздың өсетініне қатты сеніп қалмаңыз. Астрология сатып алуға аса сақтықпен қарауды ұсынады. Отбасылық бюджетті мұқият жоспарлап жүріңіз.

Денсаулық

2020 жылдың алғашқы күнінен бастап Таразылар күш пен энергияға байи түседі. Ағзаның мықтылығы қыс мезгілінде суық тиюден сақтайды. Бірақ, көктем соңында аздаған әлсіздік басып, белсенділігіңізге кері әсер етуі мүмкін. Сол себепті, осы уақыттары демалысқа көп көңіл бөліңіз. Жыл соңында жүйке жүйеңізге салмақ салудан аулақ болыңыз.

Сарышаян (24 қазан – 21 қараша)

2020 жыл Сарышаяндар өміріне тосынсыйлар мен ауыс-түйістер дайындап отыр. Іскерлік салада өрлеу болғанымен, жеке қарым-қатынастарда келеңсіздіктер мен қиындықтар туындауы мүмкін. Астрология оптимизм тетігін қосып, өзгерістерге дайын болуға шақырады. Бұл жыл бұрыннан ойыңызда жүрген жоспарларды іске асыруға көмектеседі. Құлшыныс мен  тапқырқылық кез келген бастамаңызда табысқа кенелтеді. Сонымен қатар, сырттан келетін қолдауға да назар аударыңыз. Күн тәртібін дұрыс жоспарлауды әдетке айналдырыңыз.

Отбасы мен махаббат

Жалғызбасты жандар үшін Тышқан жылы қиындық алып келуі мүмкін. Олар жартымды табам деп аздаған қолайсыздыққа кезігеді. Шалт мінезділік пен қызбалылықтан аулақ болыңыз. Жылдың келесі бөлігі көптен күткен сүйіктіңізбен танысуға мүмкіндік жасайды. Әрине, алдымен қадамды өзіңіз жасайтыныңызды ұмытпаңыз. Ал махаббатын кезіктіргендер жылдың соңына қарай отбасын құруы мүмкін. Отбасылы жандар үшін көктемнің ортасы шиеленіске толы болуы ықтимал. Жұбайыңызға барынша көңіл бөлу арқылы шаңырағыңыздың шайқалмауын қадағалай аласыз.

Мансап пен қаражат

Іскерлік салада Сарышаяндарды жетістік күтіп тұр. Алғашқы күннен бастап, жаңа идеялар мен жоспарларды жүзеге асыруға асығасыз. Жұлдыздар өз кәсібіңізді бастауға жақсы жыл екенін ескертеді. Күз мезгілінде жұмысқа аса ден қою арқылы жақсы жетістікке жете аласыз. Ал жылдың соңында іскерлік салада жаңа таныстықтар болады. Сарышаяндар бейнетқорлығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында кіріс көзін ұлғайтады. Мұндай табыс жылжымайтын мүлік сатып алуға итермелейтін болады. Ең бастысы, жалқаулық пен еріншектікке бой алдыра көрмеңіз.

Денсаулық

2020 жылы Сарышаяндарда қалжырау, шаршау, ұйқысыздық сияқты келеңсіздіктер болуы мүмкін. Бұл күн тәртібін дұрыс жоспарламаудан және ағзаға қажетті дәрумендер жетіспеушілігінен туындайды. Жұмысқа басымен кіріп кеткендер тез арада демалысқа мән бермесе, соңы денсаулығыңызға келген үлкен залалмен аяқталуы ғажап емес. Көктем ортасына қарай апатия мен күштің сарқылуы сезіліп, жұмысқа деген қабілетіңіз құлдырайды. Күз мезгілі бір қарқында өтеді.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

2020 жылы Мергендерді тосын жайттар күтіп тұр. Олар өздерінің оптимизм мен табандылығының арқасында барлық сәтсіздіктен пайда көретін болады. Өз жолында кездескен бөгеттерді бағындырудан ләззат алатын Мергендер жетістікке жеткенше тынбайды. Астрология іскерлік салаға көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Қажырлылық пен жігерлілік оң нәтижеге жеткізетін болады.  Кәсіп саласында жаңа тәлімгер мен серіктес жандар пайда болуы мүмкін.

Отбасы мен махаббат

Тышқан жылы Мергендер үшін өмірлік серігін кездестіріп, отбасын құрып, не балалы болуға ыңғайлы уақыт. Бақыттарын іздеуші жандарға екінші жарты жылдық сәттілік алып келеді. Ал қыз-жігіт боп жүргендер үшін тұрақсыздықтың желі есіп, қарым-қатынастарының берекесін алуы мүмкін. Бірақ, ондай жайсыздықтың бұлты сейіліп, ымыраға келетін күн алыс емес. Отбасылы жандар интимді сфераға көп көңіл бөлсе  болғаны. Туысқандар арасында Мергеннің ойын қолдамайтындар пайда болатындықтан, олар жақындарынан алыстай түседі. Жақын жандар арасындағы қарым-қатынастың дағдарысына қатты алаңдаудың қажеті шамалы. Бәрі өз уақытымен ретке келетін болады.

Мансап пен қаражат

Жұлдыздар Мергендердің жаңа нәрсені үйренуге көңіл бөлгенін қалайды. Оларға жаңа кәсіпке бой үйрету ешқандай қиындық тудырмақ емес. Бұл Мергендердің баянды болашағына куәлік етеді. Іскерлік салада биікке өрлеу табанды әрі құлшынысы жоғары Мергендердің қолынан келеді. Жыл басында жаңа жұмыс іздеуге жақсы мүмкіндік бар. Ал шығармашылықтағылардың шабыты шалқып, Тышқан жылында көптен күткен идеяларын жүзеге асыруға болады. Бұл жылда Мергендер үнемді болып, келер уақытта іске асыратын жоспарларына қаржы жинай бастайды. Екінші жартыжылдықта қаржылық жағынан тұрақты болады. Әрбір шығынды саналы түрде жоспарлап үйреніңіз.

Денсаулық

Жыл басы Мергендер денсалуығынан проблема іздемейтін уақыт. Ал екінші жарты жылдықтықта созылмалы дерті барлар сақтық шараларын жүргізгені жақсы. Қараша мен желтоқсан айы эмоционалды тұрғыдан ауыр жүк болуы мүмкін. Соның кесірінен шаршау мен ұйқысыздыққа тап боласыз. Жүйке жүйеңізге көбірек салмақ салудан аулақ болыңыз. Уақтылы демалыс артықтық етпейді.

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)

Тышқан жылы Тауешкілер үшін жемісті жыл болмақ. Жоспарларыңыз сәтті түрде жүзеге асады. Тауешкілер әр істен пайда көретін қасиетке ие. 2020 жылы сізді мол табыс күтіп тұр. Іскерлік қызметте өсу бар. Тек табандылық пен төзімділік таныта біліңіз. Бағытын дұрыс жолға қойғандар жетістікке жетеді.

Отбасы мен махаббат

Жалғызбастыларға өткен махаббатын ұмыту керек. Олармен қайта табысуға ұмтылудың еш қажеті жоқ. Астрология жаңа таныстыққа жету үшін өткен сезімнен арылу керектігін ескертеді. Жұптағы жандар қызғаныш пен ұрыстарға жол беруі ықтимал. Тауешкілердің сүйіктісіне деген күдігі күннен күнге өсуі араға сызат салады. Жөнсіз күмәндардан арылып, махаббатыңызға сенім білдіріңіз. Отбасылы жандарды жағымды эмоциялар күтіп тұр.

Мансап пен қаражат

2020 жылы жұмыс орнын ауыстыруды жоспарлағандардың жұлдызы жанады. Бірақ, бұл сәтті уақыт көктем және жаз айлары болуы мүмкін. Өз қабілетін барынша ашатын қызмет сізді тосуда. Келесі жарты жылдықта әріптестеріңізбен сырласа бермегеніңіз жақсы. Себебі, артық ашықтық дұшпандарыңыздың санын артуға сеп болуы ғажап емес. Жыл бойында Тауешкілер үшін әлеуметтік жағдайды көтеріп, кірістің көлемін өсіруге жақсы мүмкіндіктер пайда болмақ.  Жұлдыздар қосымша табыс көзінен гөрі, өзіңіздің басты жұмысыңызға мән беруді сұрайды.

Денсаулық

Тауешкілерге өзінің денсаулығы жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ. Олар өздерін биылғы жылдан гөрі жақсырақ сезінері анық. Спорт пен интенсивті физикалық жаттығулар сіздің жаныңызды жайландырары хақ.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 19 ақпан)

Суқұйғыштар 2020 жылы табысқа жету үшін барынша күш жұмсап, табанды жұмыс істей білуі керек. Ал іскерлік қызметте сақтық шаралы ауадай қажет. Себебі, кішкене қателіктің арты үлкен дауға ұласуы мүмкін. Қиындықтар толқыны эмоционалды тұрғыдан күш салып, жүйке жүйені зақымдауы ықтимал. Сол үшін Суқұйғыштар жұмыс кестесін дұрыс құрып, болар-болмас келеңсіздікке ашулана беруден сақтануы қажет. Тышқан жылы жеке өмірде жаңа таныстық алып келеді. Оның соңы көптеген бақытты оқиғаларға ұласып, керемет тосынсыйларға кенелетін уақытқа жеткізеді.

Отбасы мен махаббат

2020 жылы Суқұйғыштардың өмірі романтикаға толы болады. Олар сүйіктісімен қарым-қатынасын нығайтып не өмірлік серігін кезіктіреді. Жалғызбасты жандар міндетті түрде өз махаббатын таппақ. Олардың көтерген шаңырағы шаттық пен бақытқа толы болады. Отбасылы Суқұйғыштарға жұлдыздар зеріктіргіштіктен сақтануға кеңес береді. Бірізділікті тіршілік олардың жанұялық өмірін жансыздандыруы ықтимал. Ара-тұра жалғыздықты жаны сүйетін отбасылы Суқұйғыштар жақындарынан көп көңіл бөлуді талап етуі мүмкін. Олардың қалауы болып, шаңырақ іші шынайы сезімдерге толады.

Мансап пен қаражат

Қызмет саласы Суқұйғыштардан ерен ерік-жігер мен қажырлы қайратты талап ететін болады. Бұл жыл жалқаулық пен демалатын кезең емес. Астрология өз амбициясын көрсетіп, күш салатын жұлдыз белгісіндегілер ғана табысқа жетеді дейді. Ендеше, аянып қалмаңыз. Іскерлік салада наурыз бен маусым айлары қиындыққа толы болуы мүмкін. Мұндай шақта салқынқандылық пен сабырлылық көмекке келеді. Көктемде өз кәсібіңізді ашуға тамаша уақыт туындайды. Ал күзде сіздің барлық жобаларыңыздың жұлдызы жанатын сәт. Қаржылық тұрғыдан Суқұйғыштар түрлі жағдайларды бастан өткермек. Мұндайда сіздің бұған дейін дейін жиған-тергеніңіз жақсы көмек болады.

Денсаулық

Тышқан жылы созылмалы асқазан-ішек жолдарында сырқаты бар жандар үшін қиынға соқпақ. Жұлдыздар диета сақтау арқылы денсаулықты жақсартуға болатынын ескертеді. Қараша айында жұмыстағы, жеке өмірдегі кейбір келеңсіздіктерден жүйке жүйесіне салмақ түсіп, ұйқысыздық пен күйзеліс кедергі келтіруі мүмкін. Ол жұмысқа қабілеттті түсіріп, әлсіздікке алып келеді. Бұл айтылғандардан сақтану үшін күн тәртібін реттеп, демалысты көбейту керек.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

2020 жылы ашылған мүмкіндіктер Балықтардың күдігін тудырады. Бұл – бекер емес. Әрбір істің алдында барынша зерттеп, зерделеп, ертеңгі күнді жоспарлап алғаныңыз жөн. Астрология сенімсіздіктің соңында кетпей, тәуекелге бел байлаңыз дейді. Интуицияңыз дұрыс бағдар беріп, сізді табысқа кенелтеді. Жұлдыздар өзіңіздің дос-жарандарыңызға да аса сақтықпен қарым-қатынас жасауды талап етеді. Себебі, сіздің шынайылығыңыз бен адалдығыңызды орынсыз пайдаланып кететіндер табылуы мүмкін.

Отбасы мен махаббат

2020 жылы жеке өмірінде оң өзгеріс орын алуын қалағандар болса, ниетіне жетеді. Алайда, қысқа мерзімді сезімдерге алданып, уақытша бақыттың бесігінде тербелуден сақтаныңыз. Жүрегіңіз жараланып қалса, өзіңізге келуіңіз қиындық тудыратыны тағы бар. Жұбы бар Балықтар жаңа махаббатқа жүгіріп, ескі қарым-қатынасын үзуге құлықты. Бірақ, оның пайдасы шамалы, тек араларыңыз суып, сенімдеріңіз жоғалуы мүмкін. Ал отбасылылар үшін үй жағдайындағы келеңсіздіктер дау-дамайға ұласып, шаңырақтың шайқалуына әкелуі мүмкін. Асығыс шешім шығарудан аулақ болыңыз. Сабырлы қалпыңыздан таймасаңыз, көп өтпей-ақ бәрі өз қалпына келеді. Күз мезгілі отбасылы жандарға жаңа қуаныш пен жақсы жаңалық сыйлайтын болады.

Мансап пен қаражат

2020 жыл жаңа әріптестер мен серіктестер табуға ықпал етпек. Жұмыс іздеушілер ақпан мен сәуір айында жорыққа шықса, өз қалауына қол жеткізеді. Балықтар өзі сүйетін қызметте отырса, табысты болатынын естен шығармаған жөн. Тышқан жылы тәуекелге көп баратын жыл. Өз ойыңыздағы жоспарды жүзеге асырудан жүрексінбеңіз. Сіздің шығармашылық қабілетіңіз көп жерде көмегін тигізетін болады. Екінші жартыжылдық көп жетістікке жетпесеңіз де, бір ғана мүмкіндік тамаша нәтиже көрсетуге себепкер. Балықтар үшін Тышқан жылы қазынасын молайтатын тамаша жыл болғалы тұр. Тек табандылық пен еңбексүйгіштік өрге сүйрейтінін жадыңызда ұстағаныңыз абзал. Басшылық жақтан осы қабілеттеріңіз үшін марапаттар болады.

Денсаулық

Балықтар қыс мезгілінде жарақаттан сақтансын. Сол сияқты бұл уақытта жүйке жүйесіңде тұрақсыздық болып, кішігірім жайттардың өзі ауыр тиюі ықтимал. Астрология ұйқысыздық пен бас ауруы жиі мазаласа, таза ауада тынығып, қажетті мөлшерде ұйықтау керектігін еске салады. Жаз мезгілімен бірге, асқорытуда проблемалар келуі мүмкін. Ал күзде денсаулықтағы барлық келеңсіздіктер реттеліп, физикалық, эмоционалды тұрғыдан жақсару болады.

Тегтер: