USD
USD
USD

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Астанада шетелдік блогермен бірге билегеннен кейін қызметтен босатылған екі полиция қызметкеріне қатысты пікір білдірді. 

Полиция қызметкерлері
Фото: NEGE/Астана полициясының баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Игорь Лепеханың айтуынша, тәртіптік комиссия қызметкерлердің әрекетін қызметтік әдеп пен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзу деп бағалаған.

«Қызметтік міндетін атқарып жүрген, формадағы қызметкерді қандай да бір блогердің немесе басқа адамның көтеріп алуын дұрыс емес деп есептейміз. Мүмкін, біз консервативті адамдар шығармыз. Бірақ полиция қызметкері өзін бұлай ұстамауы керек. Тәртіптік комиссия бұл қызметкерлерді жұмыстан шығарған дұрыс деп шешті. Мүмкін, олар мәдениет саласынан өз орындарын табар», – деді ІІМ басшысының орынбасары Үкімет баспасөз конференциясында.

Лепеха бұл жағдайға қатысты қоғамдық пікірдің екіге бөлінгенін де атап өтті.

Еске салайық, оқиға «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында болған. Египеттік тревел-блогер Ахмед Хаггагович бейнеролик түсіру барысында туристік полицияның екі қызметкерін видеоға түсірген. Полицейлер блогермен бірге бірнеше би қимылын орындап, кейіннен блогер олардың бірін көтеріп алып, айналдырған.

Қызметтік тексерістен кейін екі қызметкер де ішкі істер органдарынан босатылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сатпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев