USD
USD
USD

Мәдени шараларға сұраныс артуда

Қазақстанда өнер мен демалысқа құйылатын инвестиция бір жарым есеге өсіп, рекордтық 119 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы finprom.kz сайты мәлімдеді.

Мәдени шараларға сұраныс артуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сектордағы қаражаттың төрттен бірі елордаға тиесілі. Өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы негізгі капиталға бөлінген инвестиция 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында рекордтық 118,9 млрд теңгеге жетті. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,5%-ға артық (НКИ – 147,9%). Негізгі капиталдағы барлық инвестициядан сектор инвестициясының үлесі бір жыл ішінде 0,9%-дан 1,2%-ға өсті», - делінген хабарламада.

Жалпы 2018 жылы демалыс пен ойын-сауыққа бөлінген инвестиция көлемі 104,2 млрд теңгені құрады, ол 2017 жылмен салыстырғанда 38,7%-ға көп. Аймақтар арасында сектордағы негізгі капиталға бөлінген инвестицияның ең көп бөлігі Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі, яғни 29,3 млрд теңге ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге көп. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы: 21,7 млрд теңге – 2018 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 27%-ға артық.

Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді – 19 млрд теңге, жылдық өсім – 27,2%.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy