Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Mad Men тобының мүшелері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталды

“Mad MEN” музыкалық тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу айыптары тағылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Mad Men тобының мүшелері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еске салайық, тұрақты есірткі желісін Алматы полициясы бір ай бұрын жойған болатын. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам бар. Топты – 1994 жылы туған Х. есімді ер адам басқарған.

– Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х. есімді ер адам және оның “көмекшілерінің” қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталды. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты тағайындалған. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап берді, олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассирлер, өтінімдер қабылдауға және есірткіні қойып кететіндерге жауап берді, тағы төрт ер адам – есірткі қоюшылар, қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Осы істі тергеу барысында оның қатысушылары ҚР ҚК-нің 262-бабы, 1-бөлігі мен 2-бөлігінде көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша айып тағылуда. Күдіктілер соттың мақұлдауымен қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА