Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

Ішкі істер министрлігі тасжолдарда жылдамдықты асырғаны үшін жүргізушілерге қате айыппұлдар келгенін растады. Оған Бас прокуратураның ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақау себеп болған. Қате рәсімделген нұсқамалар автоматты түрде жойылады.

 Айыппұлдар
Фото: yvision.kz

Астана, NEGE. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтің айтуынша, ақау 13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде болған.

«Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген. Қазір әріптестерімізбен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Мұрат Қабденов.

Министрлік жүргізушілерге қате айыппұлдарды жою үшін полицияға барудың немесе қосымша өтініш берудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

«Ешқайда барудың, полицияға жүгінудің немесе дәлелдеудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды және олар автоматты түрде жойылады», – деді ІІМ өкілі.

Бұл тек тасжолдарда техникалық ақау салдарынан қате рәсімделген айыппұлдарға қатысты. Ал айыппұлды төлеп қойған жүргізушілерге ақшаны қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр. ІІМ мәліметінше, жағдай бақылауда, техникалық ақаудың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін біз Алматы облысында кей жүргізушілерге бір күнде 14 айыппұлға дейін келгенін жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң

Астанада бес жасар баланы ойын алаңда тоқ соқты

Бала

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан