USD
USD
USD

ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрды

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров атап өткендей, полицияның барлық бөлімшелерінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды.

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. «ІІМ Орталық аппараты Әкімшілік полиция комитетінің құрылымында Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасы құрылды. Жаңа бөлімшенің басты ерекшелігі – оның қызметі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жүйелік проблемаларды жоюға бағытталады», – деді полиция полковнигі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары – ерте анықтау, бақылау және жедел әрекет ету; құрбандар мен куәгерлерді қорғау; қайталанатын зорлық-зомбылық қаупін бағалау және агрессорларды қайта әлеуметтендіру; зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті насихаттау.

«Зардап шеккендерді қорғаудың күшейтілген шаралары әзірленді, оның ішінде қорғау нұсқамалары, уақытша баспана және полицияның сүйемелдеуі бар. Жәбірленушілер мен куәгерлерге куәлік етуден қорықпау үшін психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі», - деді Ренат Зұлқайыров.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев