USD
USD
USD

ІІМ: «Трамадолды» рецептсіз сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

ІІМ-де «трамадолды» дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәрі
Фото: полиция

Алматы, NEGE. «Дәріханалық нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы «трамадол» психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілді. Есірткі қатарына енгізілгенге дейін «трамадол» ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылды. Қазіргі уақытта ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады. Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату деректеріне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамалды. Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз.

Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, «есірткіні заңсыз өткізу» болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл