USD
USD
USD

ІІМ терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті

Ішкі істер министрлігі байланыс құралдары, интернет-ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жарылғыш зат қою немесе өзге де қауіптер туралы жалған ақпарат тарату фактілері тіркеліп жатқанын хабарлады.

Маңғыстау
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, мұндай әрекеттер әзіл, қалжың ретінде жасалса да, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.

«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, жаппай эвакуацияларға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысын тоқтатуға әкеледі, сондай-ақ шұғыл қызметтердің елеулі күштері мен құралдарын алаңдатады», – делінген ІІМ хабарламасында.

Бұл қылмысты жасағаны үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері:

  • ⁠тексерілмеген ақпаратты таратпауға;
  • ⁠жалған шақырулар мен хабарламалар жасамауға;
  • балаларға терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіруге;
  • қауіп-қатері бар хабарламалар алған жағдайда дереу полицияға хабарлауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай