USD
USD
USD

ІІМ шетелдіктерге ЖСН беру кезінде тексерісті күшейтпек

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін беру және түзету тәртібіне өзгеріс енгізбек.

ІІМ
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Ведомство тиісті бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады. 

Құжатта шетелдіктердің Қазақстанда болуының немесе тұруының заңдылығын иммигранттардың эталондық деректер базасындағы мәліметтер негізінде тексеру қарастырылған.

Жоба шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру және түзету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылмақ.

ІІМ мәліметінше, өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету барысында шетелдіктердің елде болу заңдылығын тексеруге және пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді.

Құжат қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдар туындамайды деп күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси

«Бетіңді тіліп тастаймын»: Алматыда пышақ ұстаған балалар тұрғындарды қорқытқан

Пышақ ұстаған бала