USD
USD
USD

ІІМ пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видеоға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видео анықталды, деп хабарлады Полиция.

Сарбаздар
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бұл жағдай 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге қайтар кезде болған.

Аталмыш факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды.

Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды.

Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Президент БАҚ пен желіде сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеуді сынға алды

Желі

«Дәстүрлі медианың дәурені өтті» дегенмен келіспеймін – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Павлодар маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды

тікұшақ

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель