USD
USD
USD

ІІМ Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының улануына қатысты мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының улануына қатысты тергеу барысы туралы баяндады. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысының полиция департаменті Мұнайлы ауданында оқушылардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қылмыстық іс шеңберінде тергеушілер мектеп, асхана және жеткізуші компания қызметкерлерінің қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Мектеп асханасына азық-түлік сатып алынған нысандар анықталды, жеткізу шарттары мен үлгілері алынды, қажетті зерттеулер тағайындалды. Тергеу іс-шаралары мен зерттеу нәтижелері бойынша кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors