USD
USD
USD

ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. – Ауа райы нашарлаған сайын жолдағы әрбір қадамыңыз қауіпті. Көктайғақ, боран, қар немесе тұман кезінде жолға шықсаңыз, сапарыңыз сынаққа айналуы мүмкін. Сондықтан ондай жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Өзіңіздің және өзгелердің өмірін қатерге тікпес бұрын күн райының қалыпқа келгенін күтіңіз. Ал егер ондай жағдайда жолда қалып қойсаңыз: жылдамдықты азайтыңыз, қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз, жылдам жүріс пен басып озудан аулақ болыңыз, мүмкіндігінше жақын елдімекенге немесе қауіпсіз жерге тоқтаңыз.

Жол қызметтері, сондай-ақ полиция және құтқару бөлімшелері жолда тәулік бойы жұмыс істейді. Олардың міндеті – сізге көмектесу. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу көмекке жүгініңіз. Біз ауа райы жағдайына байланысты шектеулер мен қағидаларды бұзғандарға ерекше назар аударамыз. Мұндай әрекеттер тәртіп бұзушылардың өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді.

Кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Сіздің жолдағы қырағылығыңыз бен жауапкершілігіңіз – үйіңізге аман-есен оралуыңыздың кепілі. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы