USD
USD
USD

ІІМ Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі жұмыс тобына конкурс жариялады

Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер органдарының қызметіне қатысты мәселелер жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысын жалғастыруда. Оның құрамына азаматтық қоғам өкілдері де кіреді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Заң
Фото: ult.kz

Алматы, NEGE. Бұл ведомствоның қызметін ашық ету, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтармен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы ретте азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде азаматтық қоғамнан ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс жарияланады. Сонымен қатар бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыс тобына және бақылаушылар құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды 5 күн ішінде ku.elyubaev@mvd.gov.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Байланыс телефоны: +7 7172 72 26 69. Өтініштердің үлгілері ІІМ-нің ресми сайтында "Қызмет / Қоғамдық кеңес" бөлімінде орналастырылған.

ІІМ-де атап өткендей, жұмыс тобының мүшелері Қоғамдық кеңес құрамына сайлану үшін конкурсқа қатыса алмайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар