USD
USD
USD

ІІМ: Қазақстанда ақпан айында 17 есірткі зертханасы анықталды

Ақпан айында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті және оның аумақтық бөліністері 17 есірткі зертханасын анықтап, жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Сонымен қатар 19 күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 80 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

– Ең ірі қылмыстық істердің бірі Қызылорда облысында анықталды. Мұнда 46 жастағы ер адам – жасырын есірткі зертханасының ұйымдастырушысы және оның туыстары ұсталды. Олар элиталық сұрыптағы қарасораны заңсыз өсіріп, есірткі заттарын ірі көлемде сақтап, сатуды жоспарлаған.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктінің бітпеген үйінде фитозертхананы анықтады. Ол жыл бойы өсімдік өсіруге қажетті жарықтандыру, желдету және суару жүйелерімен жабдықталған. Арнайы операция нәтижесінде 19 келіден астам «голландтық қарасора» тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Жыл басынан бері Қазақстанда 42 есірткі зертханасы жойылды, 45 күдікті ұсталды. Заңсыз айналымнан 100 келіден астам есірткі және 5 тоннадан астам прекурсор – есірткі өндірісіне қажетті химиялық заттар тәркіленді.

– Есірткі қылмысымен күрес жалғасуда. Полиция қызметкерлері күн сайын жаңа қылмыстық топтарды анықтау және есірткінің таралуына тосқауыл қою үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде, – деді Данияр Мейрхан.

Қазір оқып жатыр

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

ҚМА

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Ит қапқан

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

жол апаты

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?

Емтихан