USD
USD
USD

ІІМ елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтті

Қыркүйек айында жедел ақпаратты іске асыру барысында полиция қызметкерлері өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, қорқытып ақша алған елорда тұрғынын ұстады.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Күдіктіден жалған куәлік тәркіленді. Cондай-ақ Астанада әлеуметтік желілер арқылы бопсалау сызбасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйелдің әрекетінің жолы кесілді.

Күдікті танысу және кездесуді сылтау етіп, зорлау туралы жалған арызбен полицияға жүгінемін деп ер адамдарды қорқытқан. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, 25 жастағы ер адам ұсталды. Ол күш қолданамын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан.

Ұстау кезінде одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды. Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталды.

«Барлығы 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елордадағы криминогендік жағдайды бақылауға "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында баса назар аударылатынын атап өтеді», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино