USD
USD
USD

ІІМ былтыр іздеуде жүрген 1361 адамды анықтады

Министрлік ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттерден 844 қылмыскер ұстады.

қылмыскер
Фото: ІІМ

Алматы, NEGЕ. 2024 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен іздестіріліп жүрген 1949 күдіктіні ұстады.

Polisia.kz жазғандай, олардың ішінде:

адам өлтіру бойынша – 43;

қарақшылық шабуыл бойынша – 22;

денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 37;

зорлау бойынша – 6;

тонау бойынша – 68;

бопсалау бойынша – 21;

ұрлық бойынша – 484;

есірткі қылмысы бойынша – 91.

Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталды. 

– Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деп атап өтті ведомствода.

Қаңтар айының басында Шымкентте жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол өткен жылдың қараша айында қарызын қайтармағаны үшін 54 жастағы қала тұрғынын атқан. Семейде полиция 35 жастағы ер адамды құрықтады. Ол 2023 жылы топпен бірге Алматыда қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан. Жедел қызметкерлер барлық күдіктіні ұстады. Олар 42 ұрлық эпизодына қатысы бар деп айыпталуда.

Қазір оқып жатыр

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.