Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ІІМ: Биыл 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыс нәтижесі туралы есеп берді.

Қылмыстық топ
Фото: Halyk uni

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша биыл 36 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде үшеуі трансұлттық топтар бойынша. Оларды қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері тергеліп жатыр. Қылмыстық кодекстің әртүрлі бабы бойынша 150-ден астам криминалитет өкілдері жауапқа тартылды.

Таяу шет елдердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шетелдік қылмыстық элементтерге тосқауыл қойылды. Олардың біздің елге ену әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Қазақстан аумағында олардың қатысуымен қылмыстық қақтығыстарға жол берілмеді. ҰҚК-мен бірлесіп, Шымкент қаласында, Қарағанды және Қызылорда облыстарында аса қауіпті төрт қылмыстық топ өкілдерінің қызметі тоқтатылды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Қаржы мониторингі агенттігімен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыруға және көлеңкелі экономикаға қарсы шаралар қабылданып келеді. Мемлекетке 11 млрд теңгеден астам залал келтірген құқық бұзушылықтар анықталды.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш

Алматы облысында ит талаған баланың ісі: сотта жануардың иесі айыппен келіспейтінін мәлімдеді

Ит талаған