USD
USD
USD

ІІМ басшысы Қарағандыда полиция пунктінен ес-түссіз жатқан полицей мен әйелдің мәйіті табылған іске қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қарағандыда полиция пунктінен әйел адамның мәйіті табылған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ол жерде әйел адам өлі күйінде, ал полиция қызметкері ауыр халде табылған болатын.

«Бұл жағдайды жақсы деп айтуға болмайды, бұл ұят, әрі жағымсыз жағдай. Полиция қызметкерінің әрекетінде күмән тудыратын кез келген нәрсе абыройға нұқсан келтіреді. Қылмыстық іс қозғалды. Әр түрлі нұсқалар тексеріліп жатыр, істің толық әрі әділ тергелуін қамтамасыз етеміз. Бәрі менің жеке бақылауымда. Әсіресе, адам өлімі болған жерде полицейдің қатысы бар болса, бұл өте ауыр жағдай. Маған оқиға туралы хабар түскен сәттен бастап бақылауға алынды», — деді Сәденов.

Журналистердің «оқиғаға есірткі себеп болуы мүмкін бе?» деген сұрағына министр:
«Нұсқалар көп. Тергеу жүріп жатыр, нәтижесін міндетті түрде жариялаймыз», — деп жауап берді.

Оқиға 30 қыркүйектің кешінде болған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Михайловкадағы қызметтік бөлмеге кірген аға учаскелік инспектор ол жерден полиция майорының ес-түссіз жатқанын және жанында жалаңаш күйдегі қыздың мәйітін анықтаған. Ер адам ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері