USD
USD
USD

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қаскүнемдер өздерін компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстыратын алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын мәлімдеді.

Қарағанды
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Полицейлердің мәлімдеуінше, алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерден телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар жеке деректердің таралуын немесе қаржының ұрлану қаупін сылтауратып,  жедел әрекет етуді талап етіп, психологиялық қысым жасайды.

Осыдан кейін азаматтарға «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі. Салдарынан алаяқтар ақшаны алып, оны «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң байланыс бірден үзіледі.

«Қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Атап айтқанда, нөмірді ауыстыру, дауысты құбылту сияқты тәсілдермен азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын азайтуға тырысады.

ІІМ банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертеді», – дейді ведомство өкілдері.

ІІМ ел тұрғындарын бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты