USD
USD
USD

ІІМ 8 облыстағы елді мекендер бақылауда: «Тонау, ұрлық тіркелген жоқ»

Су тасқыны болған елдімекендерде қараусыз қалған үйлер мен нысандарды полиция бақылауға алған. 

Тонау
Фото: Polisia.kz

 Алматы, NEGE. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты.

39 ауданда зардап шеккен елдімекендер қоршауға алынды. Олар:

  • Абай облысында Ақсуат, Аягөз, Үржар, Көкпекті аудандары;
  • Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласы, Қобда, Темір, Әйтеке би, Ойыл, Алға аудандары;
  • Атырау облысында – Атырау, Қызылқоға, Құлсары;
  • БҚО-да – Орал, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бәйтерек, Тасқала;
  • Қостанай облысында – Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары, Жангелдин, Амангелді, Қостанай, Денисов, Қарасу, Қарабалық, Әулиекөл, Б.Майлин аудандары;
  • Павлодар облысында – Ақтоғай ауданы;
  • СҚО-да – Петропавл қаласы, Тайынша, Ғ.Мүсірепов пен Шал ақын аудандары;
  • Ақмола облысында – Көкшетау қаласы, Есіл және Жарқайың аудандары.

Қараусыз қалған 1 266 тұрғын үй мен басқа да нысандар күзетіліп жатыр. Тонау, ұрлық сынды қылмыстарға жол берілмеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 87 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды, - деді министрліктің ресми өкілі.

Республикалық маңызы бар жолдардың 17 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ жалған ақпарат таралуына жол бермеу үшін ІІМ ақпараттық кеңістікті бақылап отыр.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.