USD
USD
USD

Луврдың асыл бұйымдары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталады

 24 қазан, жұма күні таңертең Луврдың зергерлік бұйымдар жинағының бір бөлігі қауіпсіздік мақсатында полицияның арнайы күзетімен Франция банкі қоймаларына жеткізілді. Бұл туралы француздың RTL радиостанциясы хабарлады.

Лувр
Фото: Louvre Museum / Handout / Reuters

Алматы, NEGE. Бағалы бұйымдар құпия сақталып, ең жоғары қауіпсіздік шараларымен тасымалданған.

Қай бұйымдар жеткізілгені нақты белгісіз, бірақ RTL дереккөзіне сүйенсек, олар "тәж киюге арналған әшекейлер" деген атаумен оралған топтама болған. Бұл бұйымдар бұған дейін Аполлон галереясында және Луврдың басқа залдарында сақталған.

Енді бұл қазыналар Франция Ұлттық банкінің басты қоймасында – жер астынан 26 метр тереңдікте орналасқан алып сақтау орнында сақталады. Радиостанция мәліметінше, дәл осы жерде Францияның алтын қорының 90 пайызы да орналасқан.

Осы қоймаларда бірнеше жылдан бері Леонардо да Винчидің 600 миллион еуродан астамға бағаланған «Жазба дәптерлері» де сақталып келеді.

Ал ұрланған сегіз тарихи зергерлік бұйымның жалпы құны 88 миллион еуро деп бағаланған.

Бұған дейін Голливуд актері Джордж Клуни Луврды тонаған ұрыларға қатысты әзілдеп, олардың "бар болғаны жеті минутта тонау жасағанына мақтанатынын" айтқан болатын. Ал Париж полициясы нақты уақыт төрт минут болғанын нақтылады.

Қазір оқып жатыр

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи