USD
USD
USD

«Лукойлдың» Қазақстандағы активтері америкалық миллиардерге сатылмақ

Америкалық миллиардер, қаржыгер Тодд Боэли Ресейдің санкцияға іліккен «Лукойл» мұнай компаниясымен оның шетелдік энергетикалық активтерін сатып алу туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді.

Лукойл
Фото: caspiannews.com

Астана, NEGE. Reuters агенттігі мәліметінше, мәмілені іске асыратын консорциум құрамына АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясы (DFC) да кіреді.

Бір жылдан астам уақытқа созылған келіссөздер нәтижесінде жасалған келісім бойынша, «Лукойлдың» құны 10 миллиард доллар болатын бағалы қағаздары компанияның шетелдік активтеріне айырбасталмақ.

АҚШ Қаржы министрлігі 2025 жылғы қазанда «Лукойлға» санкция салған. Енді ведомство ұлттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін мәмілені тексереді. Бұл туралы келіссөз барысынан хабардар дереккөз мәлімдеген.

Reuters агенттігінің мәміле шарттарынан хабардар екі дереккөзге сілтеме жасап жазуынша, «Лукойлдың» халықаралық активтер портфелінің құны шамамен 16 миллиард долларға тең. Оған 40-қа жуық елдегі операциялар, соның ішінде Қазақстан мен Әзербайжандағы мұнай кен орындары кіреді. Компания бұл елдердегі және тағы тоғыз мемлекеттегі кен орындарынан тәулігіне шамамен 350 мың баррель мұнай өндіреді.

Мәміле аясында АҚШ-тың DFC арқылы алатын үлесінің көлемі әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен консорциумның жеке инвесторлары салған қаражатын қайтарып, келісілген кіріс мөлшерін алғаннан кейін АҚШ болашақ пайданың бір бөлігін иеленеді. Сонымен қатар компанияның басқару кеңесінде орын алады.

Қазір оқып жатыр

«Барселонадан» төрт гол өткізіп алған Покатиловтың ойыны қалай бағаланды?

Стас Покатилов

Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Қазақмыс

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Роман Скляр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты