USD
USD
USD

Лукашенко:«Мұндай одақтың бізге қажеті не?»

«Беларуське көмірсутегін жеткізу және сауда кедергілерін алып тастау мәселелері шешілмейінше, Ресеймен интеграция бойынша жол қартасына қол қоюға иек артпасын», – деді Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Лукашенко:«Мұндай одақтың бізге қажеті не?»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Ресеймен саудада жыл сайынғы дефицит 9 млрд долларға дейін жетеді, Ресей нарығына Беларусь тауарларын өткізбей, бұл дефицитті азайтуға мүмкіндік бермей отыр. «Бір бірлестікке кіргенде ай өте және жыл өте жақсарар деп үміттенесің. Ал бізде не болып жатыр? Бізге жыл сайын жаңа талаптар тықпалап жатыр. Нәтижесінде біз экономикада бір нәрселерді жоғалтып жатырмыз, жоғалтып жатырмыз, жоғалтып жатырмыз», – деді Лукашенко. «Мұндай одақ бізге неге керек? Мен сіздерге мұны қарапайым түрде, шаруа ретінде айтып тұрмын», – деп қойып қалды Беларусь басшысы. Лукашенконың пікірінше, Беларусь Ресейден ештеңе сұрамайды, тек қана шаруашылық субъектілері үшін тең құқық талап етеді. «Егер Конституцияға және қоғамымыздың негізгі принциптеріне кереғар келетін болса, бірде-бір құжатқа қол қоймаймын. Алаң болмаңыздар, бұл жерде менің патриоттығым сіздерден бір мысқал кем емес», – деп мәлімдеді Лукашенко.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков