USD
USD
USD

Лукашенко: Ресей Беларусьты құрамына қосып алуды көздеп отырған жоқ

Ол Минск пен Мәскеудің күш-қуаты мол бірлік жүйесін құра алатынын атап өтті. Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Беларусьты өз құрамына қосуды көздеп отырған жоқ деген пікірде. Бұл туралы ол 26 мамырда парламент өкілдерімен, конституциялық комиссия мүшелерімен және мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Лукашенко: Ресей Беларусьты құрамына қосып алуды көздеп отырған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лукашенко Минск пен Мәскеудің күш-қуаты мол бірлік жүйесін құра алатынын атап өтті. «Егемен, тәуелсіз мемлекеттер ретінде Беларусь пен Ресей қарым-қатынас пен бірліктің қуатты жүйесін құра алады. Бұл тіпті Ресейдің өзіндегі бірлік жүйесінен гөрі мықтырақ болады. Біз осы жолды таңдадық. Біз Ресей үшін қаншалықты құнды болсақ, Ресей біз үшін соншалықты құнды», – деді Лукашенко. «Бүгінгі таңда қандай да бір жерді алып, оны қандай да бір мемлекеттің құрамына енгізу керек деп ойлау – ақымақтық. Бізді Ресей солай істейді деп қорқытатындар бар. Ресейге мұндай «бас ауруы» қажет емес. Егер Ресей Беларусьты өз құрамына қосуды мақсат етсе, бұл батыс елдері үшін сыйлық іспеттес болар еді. Бірақ заман өзгерді, бүгіннің күннің тәсілдері басқа», – деп басып айтты Беларусь басшысы.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер

БҚО-да колледж студенті әкесін сотқа беріп, айына 40 мың теңге алимент өндіріп алды

блогер соты

Машинист айдалада жалғыз жүрген кішкентай бала үшін пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Машинист пен бала

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін: FAA шешуші тексерісті бастады

әуе рейстері