Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Лукашенко өзін биліктен кетірудің жалғыз жолын айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко соңғы кездері батыс елдері республика үкіметіне ықпал етіп, "қазіргі жүйені құлату мақсатында" әртүрлі амал жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы президент сейсенбіде Минскіде шет мемлекеттердің елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде айтты.

Лукашенко өзін биліктен кетірудің жалғыз жолын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Соңғы уақытта батыс мемлекеттері Беларусьтің дамуына қатты алаңдап, уайымдап жүр және қазіргі жүйені құлату үшін Беларусь билігі мен президентіне ықпал етудің әртүрлі амалын жасап жатыр. Олар бұл процеске Ресейді қосуға да дайын, бірақ оны қалай істейтінін білмейді", - деді Лукашенко.

Президенттің айтуынша, оны биліктен кетірудің бір ғана жолы бар.

"Осыған байланысты Беларусь президентін биліктен кетіруге болатынын айтқым келеді. Бұл шын. Мен сол жолды ұсынамын, ол жалғыз, басқа жоқ: тек белорус халқы мұны бүгінгі заңдар мен Беларусь Конституциясы негізінде жасай алады. Беларусьте қызмет етіп жатқан батыс дипломаттарын, қазіргі кезде батыста осы мәселеге алаңдап, уайымдап жүргендерді, сондай-ақ біздің қашқындарды толғандыратын барлық сұраққа өте қарапайым жауап осындай", - деді Беларусь президенті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс