USD
USD
USD

Лукашенко қызметіне ресми кірісіп кетті

Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті.

Лукашенко қызметіне ресми кірісіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлықтау рәсімі Беларусьтің Тәуелсіздік сарайында өтті.

Президентті ұлықтау рәсіміне бірнеше жүздеген адам шақырылған.

Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар, Өкілдер палатасының депутаттары мен Республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жергілікті атқарушы және үйлестіруші органдар, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері болды.

Оң қолын Конституция кітабына қойған Александр Лукашенко антын туған тілінде берді. А.Лукашенко ант қабылдау туралы актіге қол қойған соң, Беларусь Орталық сайлау және республикалық референдумдарды өткізу комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина оған Беларусь Республикасы Президентінің куәлігін табыстады.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков