USD
USD
USD

Лукашенко «Қазақстанға көмектескенін» Путиннің есіне салды

Бүгін Мәскеуде Рсей президенті В.Путин мен Беларусь басшысы А.Лукашенко кездесті. Санкциялар «төтеп беріп қана қоймай, әрі қарай дамитынын», Украинаға қатысты «дұрыс саясат жүргізіліп жатқанын» айтқан президенттер Қазақстанды да сөз етті.

Лукашенко «Қазақстанға көмектескенін» Путиннің есіне салды
Фото: NEGE.kz

Лукашенконың айтуынша, егер Ресей әскері «арнайы операцияларды» дер кезінде бастап кетпегенде, Украина әскері Беларуське шабуылдауы мүмкін екен. «Владимир Владимирович, мен сізге оның картасын көрсетемін», – деген А.Лукашенко одақтастар бір-біріне көмектесуі керек екенін айтты.

«Мен сізге ұсыныс айтқым келеді... Тыңдаңызшы, біз – одақтастар әрдайым бір-бірімізге көмектесіп келдік. Қазақтарға көмектестік. Бәріне көмектестік. Кейбіреулерге нарықты ашып бердік, кімдерге екенін айтпай-ақ қояйын, өкпелеп қалады. 

Бізге ҰҚШҰ, Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде кездесіп, бірігуіміз керек. Біз бірге болуымыз керек. Сонда біз бір айдан соң санкцияны ұмытып кетеміз.

Ұсыныс айтуға құқым бар ғой, мені қолдайсыз деп ойлаймын. Мәскеуде бір үстелдің басында кездесуіміз керек. «Біз саған мынаны сатамыз, сен мағаны мынаны сат» деп, өзіміздің экономикалық саясатымызды жүргізе береміз», – деді А.Лукашенко.

Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, Путин мен Лукашенко батпаққа өздері ғана батып қоймай, одақтастарын да бірге ала кетуге шындап кіріскен сыңайлы...  

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян