USD
USD
USD

Лукашенко қайтыс болған жағдайда биліктің ауысуы туралы жарлыққа қол қойды

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко №2 «Егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау туралы» декретке қол қойды.

Лукашенко қайтыс болған жағдайда биліктің ауысуы туралы жарлыққа қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі жариялады.Құжатта ел басшысы қастандық, терроризм актісі, сыртқы агрессия, басқа да зорлық әрекеттері салдарынан қайтыс болған жағдайда барлық мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне сәйкес әрекет етеді. Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына премьер-министр басшылық етеді.

Бұл ретте ел аумағына кідірместен төтенше немесе әскери жағдай енгізіледі. Оны қамтамасыз ету шаралар тізімін Қауіпсіздік кеңесі анықтайды. Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін барлығы еш қарсылықсыз орындауға міндетті.

Негізгі сұрақ сайлау туралы болмақ. Қауіпсіздік кеңесі губернаторлардың қатысуымен оны өткізу туралы шешім қабылдайды. Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған. Декрет оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер