USD
USD
USD

Лукашенко: Бос мадақты қойыңдар!

Беларусь Президенті Александр Лукашенко мемлекеттік БАҚ өкілдерін едел-жедел әрі өткір болуға үндеп, билікке мадақ айтуды доғаруға шақырды. Ол бұл туралы 11 ақпанда елдің жетекші БАҚ басшыларымен кездесуінде айтты.

Лукашенко: Бос мадақты қойыңдар!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лукашенко журналистерді кәсіптеріне адалдығы мен жалған ақпаратқа ілеспейтін шынайылығы үшін бағалайтынын жеткізген. Сонымен бірге, әрбір БАҚ аудиториямен «адал және объективті әңгіме» жүргізуі тиіс екенін ескерткен. Себебі ақпарат әлемінде бәсекелестік күшті. Әсіресе шетелдік әріптестері арасында отандық журналистиканың орыны төмендемеуі керек.

«Бүгінде кез-келген БАҚ-тың келбетін авторлық журналистика анықтайды. Бізге жаңа бейнелер, қызықты тақырыптар қажет. Сіз ақпар жеткізуде шебер әрі өзіңізге сенімді болуыңыз керек», - деген Беларусь басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж