Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Лукашенко: Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек

Александр Лукашенко Беларусьтегі оқиғалар посткеңестік елдер үшін маңызды сабақ болуы керегін және Қазақстан еш жағдайда "босаңсымауы" керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лукашенко: Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лукашенко 13 қарашада Беларусь пен шетелдің саяси шолушыларына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол әлемнің түрлі аймағындағы оқиғаларға тоқталған болатын.

Оның айтуынша, мысалы, АҚШ-тағы сайлауда бәрі үнемі президенттік сайлауға араласады.

"Қазақстанда да мұндай жағдайлар бірнеше рет болды, бірақ оның бәрі БАҚ-тарда жарияланбады. Онда әртүрлі банда оңтүстікте де, шығыста да төбелес шығарған. Мұндай алдағы уақытта да болады. Сондықтан еш жағдайда босаңсуға болмайды. Беларусь - сіздерге маңызды сабақ. Себебі Қазақстан мен Ресей Беларусь емес. Бұл үлкен елдер", - деді Лукашенко.

Лукашенконың айтуынша, Беларусьте наразылық шарасын ұйымдастыруға еш себеп болмаған.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте жаппай наразылық шарасы өткен болатын. Жергілікті халық президент сайлауының нәтижелеріне жаппай қарсы шыққан еді. Ресми мәліметтер бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинаған. Ал оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Светлана Тихановская жеңгеніне сенімді. Соған байланысты Беларусь халқы қайта санауды талап етіп отыр. 

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz