USD
USD
USD

Лукашенко Беларусь шекарасын әр метріне дейін жабуды тапсырды

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттік шекараны әр метріне дейін жабуды тапсырды.

Лукашенко Беларусь шекарасын әр метріне дейін жабуды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Агенттік мәліметінше, ел президенті қауіпсіздік қызметкерлеріне мемлекеттік шекараны күзету және оны бұзу дерегінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырған.

"Бүгіннен бастап Беларусь аумағына оңтүстіктен де, батыстан да ешкім аяқ баспауы керек. Оны қалай істейтініңізді кездесуден кейін талқылаймыз. Мемлекеттік хатшымен жиналасыздар. Мұнда ІІМ министрі, қорғаныс министрі бар. Шекараны әр метріне дейін жабыңыз. Шекара әскерлеріне, жалпы күш құрылымдарымызға үлкен қаражат бөлінген, бұл бекер емес. Халық тыныштықта болуы керек, оларды қорғайтын адамдар бар екенін білуі керек. Ал, ол біздің қолымызда. Олар (көрші елдер) шақырған адамдарды ресми өткізу бекттері арқылы қуып шығару тактикасын бастауы мүмкін (заңсыз мигранттар туралы. - ескерт. БЕЛТА). Қазірдің өзінде солай болып жатыр ... Оның салдары қандай болатынын білесіз, олар да. Сондықтан өздері ойлансын. Біз оларға ескерту жасадық, енді ойлансын", - деді Лукашенко шекарадағы жағдай туралы кездесу барысында.

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы