USD
USD
USD

LRT құрылысынан қанша ақша үнемделеді?

 ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов есеп беру баспасөз жиынын өткізіп, онда жеңіл рельсті LRT құрылысының жұмыстары туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо

LRT құрылысынан қанша ақша үнемделеді?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Президент тапсырмасы бойынша LRT құрылысының жобасын айтарлықтай оңтайландыру жұмыстарын жүргіздік. Өздеріңіз білесіздер, осы жобаға байланысты көптеген сын айтылды. Ең басында Қытайдың коммерциялық банкінен 20 жылға несие алынды. Бірақ осы 20 жыл ішінде 800 миллион доллар артығымен төлейтін болдық. Осы себепті, біз ол несиеден бас тартып, ішкі займдарға көштік», – деп түсіндірді Алтай Көлгінов.

«Қазір 7 станцияға азайды. Бастапқыда жоба бойынша қозғалыс интервалы 3 минутты құрау керек болатын. Бірақ біз тұрғындар саны мен жүктемені ескердік. Мамандармен кеңесе отырып интервалды 10 минут етуді жөн көрдік. Сол сияқты 7 құрам азайды. Бұл да экономикалық тұрғыда айтарлықтай үнемделді. Бұған қоса жерасты өтпелі жолдар болды. Оларды да қысқардық. Нәтижесінде 350 миллион доллар үнемделді. Ал түптеп келгенде шамамен 1,2 миллиард теңге үнемделді»

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша қаражатты үнемдеу шамамен 1,2 миллиард долларды құрайтыны белгілі болды. Оның ішінде қарыз бойынша үнемдеу 800 миллион доллардан асады, құрылыс-монтаждау жұмыстарында үнемдеу – 350 миллион доллар. Аялдама станциялары 18-ден 11-ге дейін, ал жылжымалы құрам 19-дан 12-ге дейін қысқартылды.

Тақырыпқа орай оқи отырыңыз: Қаржыны кім жымқырды?

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park