USD
USD
USD

LRT құрылысына қатысты тағы дау шықты

Елордада құрылысы тоқтап тұрған жеңіл рельсті көлік желісіне қатысты тағы шу шықты. Бұл жолғы дау Есіл өзені арқылы өтетін LRT көпірінің өткеліне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

LRT құрылысына қатысты тағы дау шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы өзенді жасанды жолмен қаққа бөліп, құмнан өткел тұрғызу, заңға қайшы дейді. Бұл судың ағыны мен оның сапасына зиян келтіретін көрінеді. Құрылысы аяқсыз қалған көпірдің расымен Есілге кесірі тиді ме?

Эколог Лаура Мәлікова судың лайланып, иісінің мүңкігені дәл осы құрылыстың салдарынан деп біледі.

– Экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің департаменттері, жергілікті департаменттер тексеріс жүргізіп, осы мәселенің шешімін қолға алуы керек. Яғни біз өзенді осылай қақ ортасынан бөліп, табиғатқа қиянат жасамауымыз керек. Бұл біздің заңдарымызға да қайшы, - дейді Лаура Мәлікова.

Жалпы, Су кодексіне сәйкес, өзеннің жағалауынан 35 метрге дейін қорғаныс аймағы құрылуы тиіс. Өзен экологиясын сақтау мақсатында онда қандай да бір шаруашылық мақсаттағы жұмыс жүргізуге тыйым салынған. Ал мына жерде жағалау тұрмақ, Есілді жасанды жолмен қаққа бөліп, құмнан өткел тұрғызған. Сол себепті эколог ереженің өрескел бұзылғанына сенімді. Алайда құзырлы орган мамандары олай санамайды.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев