USD
USD
USD

ЛРТ: Қаржыны кім жымқырды? 

ЛРТ құрылысына бөлінген қыруар қаржыны қымқырғандардың аты атала бастады. Тізімнің басында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана ЛРТ» компаниясының басшысы Талғат Ардан тұр. 

ЛРТ: Қаржыны кім жымқырды? 
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл шетел асқан екеуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке халықаралық іздеу жариялады. Сұлтанбеков ЛРТ-ның миллардтарын жеп болған соң, «Қазақстан инжиниринг» компаниясына ауысып, жемқорлық әрекетін сонда жалғастырған. Бар былыққа сол кездегі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Астана LRT» компаниясының, оған қоса, тағы бірқатар жеке компания басшыларының қатысы бар болып шықты. 

Бәрін қоса айтқанда, мемлекетті 5 миллиард теңгеден астам шығынға батырған. Қазір аталмыш іспен қала әкімдігінің басшылық құрамынан 5 лауазымды тұлға, ал мердігер ұйымдардың 6 басшысы жауапқа тартылып жатыр. Олардың бесеуін күзетпен ұстап отырса, Сұлтанбеков, Ардан және мердігер компаниялардың бірінің басшысы Рахымбеков – үшеуіне халықаралық іздеу жарияланған. Қалған үшеуі кінәсін мойындағандықтан қамауға алынбапты. Ұсталғандардың бірі қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов екен. 58 жастағы депутат 2016 жылға дейін әкімдіктің Қаржы, сонымен бірге Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларын басқарған. Бүкіл тергеу шаралары айдың соңына дейін аяқталмақ. Ал LRT-ның қалған құрылысы мен Астана Банкіне салынған қаржыға қатысты Агенттік Ұлттық банк пен құрылыс сараптамасының қорытындысын күтіп отыр.

 

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы