USD
USD
USD

LRT: Тергеу аяқталды

Елордада LRT құрылысын салу барысында қаражат ұрлау қылмыстық ісін тергеу шаралары аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлім етті. 

LRT: Тергеу аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдарымен танысу басталды. Жасырынып жүрген күдіктілерге қатысты іздеу шаралары жалғасуда. Анықталған шығын сомасы 5,7 млрд теңгені құрады», – деді департамент басшысы тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол аталған іс бойынша 10-нан астам адамның жауапкершілігі тексеріліп жатқанын еске салды. Бұл тұрғыда Интерпол желісі бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде.

«Үш адамға іздеу жарияланған. Бүгінде материалдармен танысу жүріп жатыр, осыдан кейін іс сотқа жолданады. Осы орайда ашық сот отырысы өтеді», – деді С. Перов.

Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ балдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы