USD
USD
USD

LRT ісі бойынша Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданға үкім шықты

Астана LRT ісі бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «LRT» ЖШС басшысы Талғат Ардан жеті жылға сотталды.

LRT ісі бойынша Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданға үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Astana LRT ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты.

Еске салайық, іс бойынша айыпталушыларға 5,8 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырды деген айып тағылып отыр. Негізгі жауапкерлер «Қазақстан инжиниринг» (KazakhstanEngineering) ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары мен Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары. Қаржы жымқыруды ұйымдастырушы деп аталатын Қанат Сұлтанбеков, сондай-ақ Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан. Олардың екеуі де қазір іздеуде.

"Сот Қанат Сұлтанбеков ҚР ҚК-ның 1997 жылғы редакцияда 235-баптың 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп тануға және оны қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін ақтауға үкім шығарды. Қанат Сұлтанбеков ҚР ҚК-ның 28-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 2-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте, судья және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалсын.

Ардан Талғат ҚР ҚК-ның 1997 жылғы редакцияда 262-баптың 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылсын және оның қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін ақталсын. ҚР ҚК-ның 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша жасалған қылмыс үшін кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Виктория Семенова.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай