USD
USD
USD

LRT вагондарын бүлдіргендер 13 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін

Адвокат Бауыржан Азанов жеңіл рельсті көлік – LRT вагонын қасақана бүлдіргендер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертті.

ЛРТ
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Оның түсіндіруінше, кейбір адамдар LRT есігін сындыруды, тежегіш тетігін басу арқылы пойыздардың қалыпты қозғалысына кедергі келтіруді жай ғана әзіл-қалжың деп ойлағанымен, бұл әзілдің салдары ауыр болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 350-бабы – «Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру» бойынша мұндай әрекеттер үшін 3 мың АЕК-ке (2026 жылы – 12 975 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу, немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – дейді адвокат желідегі жеке парақшасында.

Ал егер бұзақылық салдары адам өлімі секілді ауыр жағдайларға әкеп соқтырса, заң бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылуы мүмкін.

Еске салсақ, Астанада жаңа жеңіл рельсті көлік – LRT 16 мамырда іске қосылғаннан кейін келесі күні қозғалыс кезінде тоқтап қалды.

Компанияның баспасөз қызметі бұл кідіріске жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін бұзуы себеп болғанын хабарлады. Олардың айтуынша, кейбір адамдар станциядағы шұғыл тоқтату батырмасын себепсіз басқан, вагон ішіндегі апаттық батырмаларды іске қосқан және есіктердің жабылуына кедергі келтірген. Сондай-ақ пойыз есігін ішінен өз бетінше ашуға әрекеттенгендер болған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар