USD
USD
USD

LRT ісі бойынша Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиев тергеле ме?

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында LRT ісі бойынша Нұрәлі Әлиев пен Дариға Назарбаеваның тергеу орбитасына тартылу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. 

Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиев
Фото: әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Мәжіліс кулуарында Әсет Шындалиевтен журналистер LRT ісі айналасында есімі жиі айтылатын Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиев тергеу орбитасына іліне ме деп сұрады.

Бас прокурордың орынбасары бұл туралы өзге қылмыстық қудалау органдарынан мәлімет сұрау керектігін айтты.

«LRT бойынша тек қана айтатыным – бізде екі іс бар. Біреуі бойынша 5 жыл бұрын сот үкімі шыққан. Екіншісі – осы Т.Арданның ісі. Түркияда қамақта отырғанын жаңа айттым. Ал сіз айтып отырған басқа адамдар туралы менде ешқандай ақпарат жоқ, мен білмеймін. Ол туралы басқа қылмыстық қудалау органдарынан сұрау керек», – деді Әсет Шындалиев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар