USD
USD
USD

LRT құрылысы жанданды: Астанада қазан айына дейін жол қозғалысы шектеледі

Астана тұрғындары мен қала қонақтарына қыркүйектің соңына дейін жалғасатын көшелердің екі бөлігінде қозғалыс шектелетіні туралы ескертілді.

LRT Астана
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Елордадағы LRT құрылысына байланысты шектеулер келесідей:

20 сәуірде сағат 21: 00 ден-25 қыркүйекке дейін 113 станциясында Министрліктер үйінен Арыс көпірі жағынан келе жатқан көліктер үшін Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесіне қарай) оң жақ шығатын жолда қозғалыс шектеледі;

· 22 сәуірден 20 қыркүйекке дейін Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне жетпейтін учаскесінде 106 станциясы ғимаратының қасбетін тұрғызуға байланысты жолдың жүру бөлігін үш жолақтан бір жолаққа тарылту арқылы көлік қозғалысы шектеледі.

Осыған орай Астана тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы тиіс.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян